Өзгеріп жатқан экономикада бағдар табуға көмектесетін қолданбалы зерттеулер орталығы. Не болып жатқанын талдаймыз, технологиялардың оны қалай өзгертіп жатқанын түсінеміз және болашаққа дайындалуға көмектесеміз.
Біз жай ғана қызмет ұсынып қоймаймыз. Біз белгісіздік жағдайында мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам алдында туындайтын нақты міндеттерді шешеміз.
Ынтымақтастыққа, сараптамалық диалогқа және бірлескен жобаларға ашықпыз. Бізге жазыңыз — толығырақ айтып, қалай көмектесе алатынымызды талқылаймыз.
Елдегі азық-түлік пен қызметтер бағасы өсуде. Бірақ, бағаның өсуімен бірге табыстар артпайды! Көптеген қазақстандықтар азық-түлік пен дәрілерді несиеге алуға мәжбүр!
Екі жыл бұрын Қазақстан Президенті елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мәселелері бойынша кеңесте жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды әзірлеуді тапсырды. Және 23-ші жылдың наурызында банкроттық туралы заң күшіне енді. Бұл қаржылық қарыздан құтылудың нақты мүмкіндігі болса да, өтінімдердің мақұлдану пайызы өте төмен болып отыр. Сарапшылар рәсімді жеңілдету қажет дейді, сонда мақұлданған өтінімдер саны артады. Бірақ жеңілдіктерден қандай әсер күтуге болады?
Укімет жақын арада ЕНПФ салымшыларына зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын ішінара алуына тыйым салу мәселесін түпкілікті шешеді. Еңбек министрлігі адамдардың қартайғанда қаражатсыз қалу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді. Мұндай проблема зейнетақы қорының 90 пайыз салымшысын қамтуы мүмкін.
70%-дан астам қазақстандықтар Қытайды оң көзқараспен қабылдайды. Бұл туралы «TALAP» тәуелсіз think-tank-інің мамандары айтты. Олар қоғамдық пікірді зерттеу жүргізіп, нәтижелерді өткен жылдардың есептерімен салыстырып талдады.
openbudget.kz сайтының жаңартылғаны және қайта іске қосылғаны туралы қуанышпен хабарлаймыз! Портал Қазақстан бюджеті туралы деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға арналған. Жаңартылған OpenBudget.kz сайты пайдаланушыларға бюджет деректерін талдауға арналған тағы да көп мүмкіндіктер ұсынады, бұл мемлекеттік шығындарды мониторингтеу процесін қолжетімді әрі ашық етеді. Порталда мемлекеттік қаржылар мәселелері бойынша талдамалық мақалалар мен жазбалар периодты түрде жарияланатын болады.
Әлемдік басқару практикасы дағдарыс пайда болғаннан кейін шешімдер қабылданатын модельден біртіндеп кетіп жатыр. Мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және ірі компаниялар өзгерістерді ерте анықтауға, шешімдердің тұрақтылығын тексеруге және критикалық кезеңге дейін әрекет ету нұсқаларын дайындауға көшуде.